• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527

Психолог кабинеті

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ РӨЛІ

        6 қыркүйек күні "ORDA" жоғары колледжінде әлеуметтік педагог М. Аманжолованың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг өткізілді. Тренингте адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы айтылды.

         Дұрыс қарым-қатынас өзін-өзі тәрбиелеуден басталады. Тұлғалық тұрғыдан қалыптасу үшін өздігінен білім, тәрбие алу, өзін-өзі дамыту жетекші күшке ие. Өзін тәрбиелей алған адам өзгемен де жақсы қарым-қатынаста болады.

        Тренинг мақсатын түсінген студенттер сабақтан өздеріне үлкен мотивация алды.

image001.png

image003.png

image005.png

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ — діни дұшпандылық пен жеккөрушілікті қоздыру арқылы мемлекеттің аумақтық бүтіндігін бұзуға, мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған қызмет.

            Бүгінгі таңда бұл тақырып басты назарда.

           Колледжімізде оқу жылының басынан бері "Дін мәселелерін зерттеу орталығымен" бірлескен жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның жалғасы ретінде барлық студенттерді қамтыған тренинг-сабақтар өткізілді.

       Мақсаты — жастардың діни сауаттылықтарын ашу, діни экстремизм зардаптарын талдау арқылы ой салу, жат ағымдардан сақтандыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

          Тренингті ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психолог маман, АТТ мүшесі Аяғанова Алмагүл Жанділдәқызы жүргізді.

image013.png

image011.png

Қалалық 1-емхананың гинекологы Ли Ольга Николаевна колледж жастарымен кездесті. Кездесу тақырыбы — "ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ".

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік және оның салдары, психологиялық аспектілері, ерте жүктілік кезіндегі психологиялық кеңестердің ерекшеліктері туралы айтылды.

Гинеколог маман жастармен ашық әңгіме жүргізіп, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

image015.png

image017.png

Бүгінгідей техника мен технологияның күрделенуі адамға физикалық күштен ақыл күшін көп жұмсауды талап етеді. Уақытымыздың көп бөлігін еңбек ұжымында өткіземіз. Сондықтан ұжымдағы психологиялық қолдау маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

          Психологтар адамның көңіл күйі көтеріңкі болса, өмірге құштарлығы артатынын, ой және дене қызметі күшейетінін дәлелдеген.

           Колледж психологы  М. Аманжолованың ұйымдастырған "Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру" тренингі оқытушыларға тың серпін берді. Жағымды климат қалыптастырудың түрлі тәсілдерін өздерін сезіне отырып орындаған ұстаздар тренинг сабақтан тамаша көңіл күймен шықты.

image019.png

image021.png

image023.png

image025.png

image027.png

image029.png

1 наурыз — Алғыс айту мерекесіне орай педагог-психолог Аманжолова Мадина колледж ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

image031.png

image033.png

image035.png

image037.png

image039.png

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ" атты психологиялық тренинг аясында колледж психологы М. Аманжолова "Отбасылық жағдайлар кезінде өзін-өзі сақтау дағдылары" тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренингке "ШТ-9-19" және                       "ЖС-910Г" оқу топтары қатысып, арнайы жаттығу, ойындар арқылы отбасы құндылығын түсінді.

image041.png

image043.png

image045.png

19 сәуір күні білім алушылардың өз көңіл-күйін игере білуге, басқаруға, қадағалауға, өз-өздерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында психология пәнінің оқытушысы  Д. Асанова "БІЗ БІРГЕМІЗ" психологиялық тренингін өткізді. Тренингке "ДШ-9-10"," ДШ-9-30"оқу топтары қатыстырылды.

Көңіл-күйді басқаруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар орындаған студенттер тренингке қызығушылықпен қатысты.

Көңіл-күйді дұрыс қалыптастыруда психологиялық тренингтердің алар орны ерекше.

image047.png

image049.png

image051.png

image053.png