• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527

«English club» үйірмесі

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында колледжде «English club» үйірмесі ашылған-болатын. Жетекшілері Бекишева Райхан мен Раманкулова Дүйсенкүл.

      «English club» үйірмесі «Ұлы Шекспир» атты іс-шара ұйымдастырды.

Үйірме мүшелері жазушының өмірі мен еңбектеріне тоқталып, шығармашылығы негізінде ой бөлісті. Өткізілген іс-шара барысында жазушының туындылары негізінде дайындалған слайдтар көрсетілді.

 Абубакир Нұржамал, Баттал Саида, Жагипарова Динара т.б. студенттер Шекспирдің сонеталарын жатқа айтып, көрермендерді таңқалдырды. Сонымен қатар, әлемге танымал «Ромео мен Джульетта» көрінісінің үзіндісін Баттал Саида мен Мустафин Рамазан  сомдап,өздерінің актерлық қабілеттерін шыңдай түсті. Көрермендер бар ынтасымен тамашалады.

image002.jpg

image004.jpg