• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527

«Ақ киіз» үйірмесі

Киіз – қазақ халқының бағалы дүниесі. Хандарды сайланар алдында ақ киізге ораған.

            Киіз – ғасырлар жемісі, шабыттан қуат алған, артына із қалдырған, кейінгіге ой салған шеберлер еңбегі.

            Қоғам дамып, үнемі жаңа сипатқа көшкен сайын адамдардың әр нәрсеге көзқарастары да өзгеріп отыратыны     белгілі. Заманауи үлгіде дайындалған киіз бұйымдары осыны білдіреді.

            Өскелең үрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз.

            Олай болса, ұлтымыздың ұлағатты өнерін ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа үзбей жалғастыру біздің борышымыз болуға тиіс.

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде Қазақстан Дизайнер Одағының Президенті Айжан Бекқұлова ханыммен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу соңы «Шеберлік сыныбына» ұласты. Халқымыздың төлөнері киізден жаңа технология бұйымдар жасауды үйретті.

«Шеберлік сыныбына» «Дизайн» мамандығында оқитын студенттер мен оқытушылар қатысып, икем дағды қалыптастырды.

image001.png

image003.png

image005.png

image009.png

image019.png

image023.png

image051.png

image053.png