• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527

«Драма» үйірмесі

Колледжде «Драма ашылып, 2008-2009 оқу жылынан бастап  жұмыс жүргізуде. «Драма» үйірмесі студенттердің актерлік шеберлігін шыңдап, сахна мәдениетін меңгертуге бағытталған. Драма үйірмесінің жетекшілері – Досжанова Гүлжамила мен Досжанова Жамал. «Драма» үйірмесінің мүшелерінің саны жылдан жылға артуда.

 Драма үйірмесінің 10 актіден тұратын «Тарих айнасындағы Қазақстан», 1-акт. Сақтар патшайымы – Томирис қойылымында  сақтың батыр қызы Томиристің халқының азаттығы үшін парсы патшасы Кирге қарсы тұрғаны, оны күйретіп жеңгені баяндалады. 2-акт – Отырардың күйреуі Шыңғыс ханның әскерлерінің Отырардың қамалын алуы, Қарашоқының сатқындығы және Қайып ханның халқына адалдығы бейнеленеді. 3-акт – Шыңғысханның шапқыншылығы, 4-акт – Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада Жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы нәубет жылдары, Қаратаудың басынан көшкен халықтың халі көрсетіледі. 5-акт –  Махамбет пен Исатай көтерілісі, Жәңгір ханға қарсы тұруы бейнеленеді. 6-акт – Июнь жарлығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Амангелді Имановтың көтерілісті ббасқаруы, патша әскеріне қарсы көтеріліске шығуы, Кеңес үкіметінің орнауы жайлы көрсетіледі. 7-акт – репрессия жылдары Алжир лагеріндегі репрессияға ұшыраған азаматтардың әйелдерінің бастан кешірген тауқыметі сомдалады, 8-акт – репрессия жылдары, 9-акт – Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан жауынгерлерінің ерлігі, 10-акт – Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова сынды жастардың Желтоқсандағы ызасы, жанайқайы баяндалады.  Сахналық қойылымы көрермендердің ризашылығына бөленді.

«Тарих айнасындағы Қазақстан» сахналық қойылымның мақсаты өскелең ұрпаққа ата-бабасының елін, жерін қалай қасық қаны қалғанша қорғағанын, Тәуелсіздікке қол жеткізудің оңай болмағанын ұғындыру, елжандылыққа баулу. Қазақ халқының тәуелсіздікке жету үшін қаншама жорықты, зұлмат жылдарды, нәубетті басынан кешіргенін сахналық қойылым барысында оқушылар көрермендерге сомдап жеткізді. Үйірмеге КЯЛ-9-16, Ю-9-18, Ю-9-38, ЭБ-9-18, Ф-9-39, Ю-9-30, ФП-9-19, ПД-9-19, ВТиПО-9-19 оқу топтарының студенттері қатысып, актерлік шеберлік танытты. Атап айтсақ, Серік, Мәделхан, Мұрат, Рахымжан, Әсет, Дамир, Әділет, Лаззат, Сания, Әсел, Данияр, Марина, Жанболат, Ерсұлтан, Ғафуржан, Нұрболат, Гүлзира, Бақберген және т.б. 

image001.png

image009.png

image015.png

image019.png

image027.png

image037.png

image061.png