
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
“WorldSkills Kazakhstan-2024” Ұлттық чемпионатында «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша Ертай Абылайхан Жомартұлы мен Абдугани Исмоил Абдуганиұлы «ҮЗДІК МАМАН» атағын жеңіп алды!
Бұл жеңіс – жас мамандардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жарқын нәтижесі. Биылғы чемпионат еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды шара болып, Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 555 қатысушының шеберліктерін паш етті. 30 құзыреттілік бойынша өзара сайысқа түскен студенттер арасынан үздіктер қатарынан көрініп, оқу орнымыздың абыройын асқақтатқан шәкірттерімізге және жетекшісі Ренат Сермахановқа алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің жетістіктеріңіз – барша ұжым үшін мақтаныш! Шығармашылық қабілеттеріңіз шыңдала берсін! Жеңіс құтты болсын!“WorldSkills Kazakhstan-2024” Ұлттық чемпионатында «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша Ертай Абылайхан Жомартұлы мен Абдугани Исмоил Абдуганиұлы «ҮЗДІК МАМАН» атағын жеңіп алды!
Бұл жеңіс – жас мамандардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жарқын нәтижесі. Биылғы чемпионат еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды шара болып, Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 555 қатысушының шеберліктерін паш етті. 30 құзыреттілік бойынша өзара сайысқа түскен студенттер арасынан үздіктер қатарынан көрініп, оқу орнымыздың абыройын асқақтатқан шәкірттерімізге және жетекшісі Ренат Сермахановқа алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің жетістіктеріңіз – барша ұжым үшін мақтаныш! Шығармашылық қабілеттеріңіз шыңдала берсін! Жеңіс құтты болсын!