
📚“КІТАП АЙНАЛЫМЫ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ
“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында колледжде “Кітап айналымы” акциясы өтті. Акция бойынша білім алушылар “Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін” тақырыбымен оқыған кітаптарын таныстырып, достарына оқуға кеңес берді. Талқыланған шығармалар қатарында:
🔹М. Дулатұлының “Бақытсыз Жамал”;
🔹Ж. Аймауытовтың “Ақбілек”;
🔹Т. Әбдікұлының “Оң қол”;
🔹Д. Исабековтың “Гауһартас” және басқа да әдеби туындылар болды.
Әрбір студент оқыған шығармаларының маңызын бөлісіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.
📚 КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ БАЙ БОЛАЙЫҚ!
Ұйымдастырушылар: Студенттік Парламент және кітапхана бөлімі.