• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.12.2024
  • 228

БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

БҚ-9-32г тобында “Бірлік пен ынтымақ құндылығы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушылардың бойындағы рухани құндылықтарды оятып, оларды бір-біріне жанашырлыққа, ынтымақтастыққа баулу, сондай-ақ қоғамдағы қатігездік пен мейірімсіздіктің алдын алу жолдарын қарастыру болды.
Сабақ барысында бірлік пен ынтымақтың қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндіріліп, қатігездікке әкелетін себептер мен оны болдырмаудың жолдары талқыланды. Студенттер презентацияларын қорғап, өмірден алынған нақты мысалдар арқылы жанашырлық пен түсіністік таныту дағдыларын қалыптастырды. Өз ойларымен бөлісіп, қоғамды жақсы жаққа өзгертудің әр адамның қолында екенін түсінді.
Бірлік бар жерде тірлік бар. Қоғамдағы әр адамның мейірімі мен жанашырлығы – қауіпсіз әрі үйлесімді өмірдің кепілі. Әрқайсысымыз айналамыздағыларға қамқор болып, мейірімділік таныту арқылы үлкен өзгерістерге қол жеткізе аламыз.
✊ Бірлік пен ынтымақты сақтайық!