• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 12.12.2024
  • 131

«2025 ЖЫЛ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында колледжде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Студенттерге қазіргі заманғы кәсіпорындардың жұмысымен таныстырып, жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат беру және түлектердің болашақта табысты жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында өткен дөңгелек үстел пайдалы ақпараттарға толы болды.
Қонақтар кәсіпорындардың негізгі қызметі, даму бағыттары мен мүмкіндіктерін талқылап, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан құнды тәжірибелік кеңестер алды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен оқытушылар білім беру үдерісін жақсартудың жолдарын қарастырды. 
Шараға кәсіпорын өкілдері, колледж түлектері, оқытушылар және студенттер қатысты. Қонақтар қатарында:
🔺 «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ инженері - Ермағанбет Асқар Мұратұлы;
🔺 Жеке кәсіпкер - «Есниязов» ИП директоры Ахметкәрім Исмағұлович;
🔺 «Строй Азия Групп» инженері - Әбуова Рая Қайырбекқызы;
🔺 «Қызылорда жылу электр орталығы» мамандары Күлгазиев Нұрлыбек пен Сапарова Эльмира;
🔺 «Завод автоматика» ЖШС кадр бөлімінің өкілі Тоқашова Жазира Еркінқызы болды. 
Бұндай шаралар студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуларына жол ашады. Колледж жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, түлектерді заманауи талаптарға сай даярлауға ерекше көңіл бөледі.