• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 23.09.2024
  • 45

Жаңа оқу жылы басталғалы жас мамандар даярлау ісіне жаңаша тың көзқарастар мен өзгерістер енгізіліп жатыр.

Осыған орай 20 қыркүйек күні «ORDA» жоғары колледжі базасында Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жас мамандарына арналған «Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету» шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сыныпты «ORDA» жоғары колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Тажикова ашып, іс-шараның маңыздылығын атап көрсетті.
Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) әдіскері Ғазиза Тоқтыбаева жас мамандарды педагогикалық ортаға қалыптастыру мақсатында түрлі ақпараттарды ортаға салып, облыс көлеміндегі колледждерден жиналған қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдады. Тәжірибелі мамандар жас мамандарды даярлау барысындағы сапаны жақсартудың жолдарымен бөлісіп, кәсіби маман болып шыңдалу дағдыларын алға тартты.
“ORDA” жоғары колледжінен шеберлік сағатына Орынбасар Тұрсынай мен Аханова Лаура қатысып, педагогикалық даму тұрғысындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шеберлік сағат қатысушыларына сертификат табыс етілді.