
ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Жастар тәрбиесі - үздіксіз үдеріс. Әсіресе, қазіргі кездегі қоғамда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың белең алуына орай, бұл мәселе күн тәртібінен түспек емес.
Колледждің тәрбие саласының жатақханамен жұмыс жоспарына сай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сейтжанов пен Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб аға УПИ ры полиция майоры Н.Осипов жатақханадағы ер балалармен кездесу өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жасөспірімдер арасында кездесетін бопсалау, топтық төбелес, ойынқұмарлық, есірткіге әуестік, т.б жат қылықтарды болдырмау, алдын алу жолдарына тоқталып, құқықтық тұрғыда ақпараттандырды.