• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.09.2024
  • 29

АҚПАРАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 мамырдағы № 235 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған және оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізімі бекітілді. Аталмыш бұйрықты таныстыру мақсатында 25 қыркүйек күні колледже ақпараттық-құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сейтжанов студенттерге бұйрықты таныстырып, білім беру орындарына алып келуге қатаң тыйым салынатын заттар қатарымен таныстырды.
Бұл тізім бойынша білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру орталарында қауіп төндіруі немесе оқыту процесіне кедергі келтіруі мүмкін заттардың пайдаланылуы қатаң бақыланады.
Негізгі тыйым салынған заттар:
- Қару-жарақ, жарылғыш заттар, пышақтар және басқа қауіпті құралдар;
- Мас күйге түсіретін заттар мен темекі өнімдері;
- Дыбыс шығарғыш және шулы құрылғылар;
- Жарнама материалдары және оқытумен байланысты емес ақпараттық құрылғылар.
Арнайы пән оқытушысы М.Кемелбеков көрсетілген заттарды алып жүрудің құқықтық жауапкершілігіне тоқталып, заңға бағынудың қажеттілігін атап өтті.
Бұндай шаралар барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіз орта құруға және оқушылардың зияткерлік дамуына ықпал етуге негізделеді.