• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 26.09.2024
  • 35

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ

Колледжімізде НО-9-24г тобының студенттері арасында “Буллинг және оның шығу жолдары” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл маңызды шара студенттер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның зардаптарын түсіндіруге бағытталды.
Тәрбие сағаты барысында буллингтің қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі екендігі айтылды. Оқушыларға буллингтің тек қана физикалық зорлық-зомбылық емес, сонымен қатар психологиялық қысым, қорлау, кемсіту, және әлеуметтік шеттету сияқты түрлі формалары болатыны түсіндірілді. Мұндай жағдайлар мектеп, колледж, жұмыс орындары мен интернет кеңістігінде де жиі кездеседі. Сонымен қатар, буллингтің адамның жеке басына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік байланыстарына тигізетін зияны жайлы мәліметтер айтылды.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттерді буллингтің алдын алу жолдарымен таныстыру және қиын жағдайларда өзін қорғаудың тиімді тәсілдерін көрсету. Оқушыларға буллингтен қорғану үшін ең бастысы өзін-өзі құрметтеу және басқалармен қарым-қатынаста мәдениет пен ізгілік сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Студенттер өз ойларымен бөлісіп, буллингке байланысты нақты жағдайларды талқылады. Мұндай әңгімелер арқылы студенттер бір-біріне көмек көрсетіп, қиындықтарды бірлесе шешу қажеттігін түсінді.
Тәрбие сағатының нәтижесінде студенттер буллингтің қоғамға қаншалықты зиян екенін түсініп, өз ортада достық қарым-қатынастарды нығайтуға шақырылды. Әрбір студент үшін достық пен өзара құрмет – табысты өмірдің кепілі екені дәлелденді.