• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 29.09.2024
  • 53

Репродуктивті денсаулықты сақтау-болашақ кепілі

Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Жастар денсаулық сақтау орталығының валеолог мамандары Алмурзаева Гүлдана Айтмағанбетқызы мен Мазқожа Гүлназ Рысбекқызы колледж студенттерімен маңызды кездесу өткізді. Кездесуде репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, оның жеке адамның және болашақ ұрпақтың денсаулығына тигізетін әсері туралы сөз қозғалды. Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулық туралы түсінікті арттыру және оны сақтаудың жолдарын көрсету болды.
Репродуктивті денсаулықты сақтау – болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеуге негіз болатын басты қадамдардың бірі. Осы тақырыпта мамандар жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың әрбір адам үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды. Валеологтар жастардың сұрақтарына толығымен жауап беріп, оларға болашақта өз денсаулығын қалай сақтау керектігі туралы құнды ақпараттар ұсынды.