• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 30.09.2024
  • 27

«Жас сарбаз»

27 қыркүйек күні 1-курс студенттері «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ұстаздарды сыйлауға және колледж ішіндегі тәртіпті қатаң сақтауға салтанатты түрде ант берді. Бұл шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында үлкен қадам болып саналады.
«Жас сарбаз» үйірмесі студенттерге патриоттық тәрбие беру және оларды әскери қызметке дайындау мақсатында құрылған. Үйірме жетекшілері Н. Тәжібаев, Н. Нұрпейісов және Ә. Нұрмағанбетовтің жетекшілігімен, студенттерге әскери дайындық пен патриоттық тәрбие беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл үйірме жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Шара барысында студенттер мемлекетіміздің басты рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның маңыздылығын терең түсініп, оларды әрдайым құрметтеуді мақсат тұтты. Сонымен қатар, салтанатты жиында колледж ұстаздарына деген ерекше құрмет көрсетіліп, тәртіп сақтау, білім алу және қоғамның белсенді мүшесі болуға бағытталған міндеттер айқындалды.
Бұл ант беру рәсімі - жас сарбаздар үшін жаңа кезеңнің бастамасы.