• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 02.10.2024
  • 83

“Лудомания – қоғам дерті”

Т-9-32г оқу тобында “Лудомания – қоғам дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге құмар ойындарға тәуелділіктің қауіптілігі мен оның қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге лудоманияның белгілері, себептері және оның жеке тұлға мен қоғамға әкелетін салдары туралы ақпарат берілді. Оқытушылар құмар ойындарға тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік зияндары туралы айтып, бұл дерттің алдын алу жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, студенттер өз ойларымен бөлісіп, өмірден алынған нақты мысалдар арқылы лудоманияның зиянды жақтарын түсінуге тырысты. Бұл шара студенттерге құмар ойындарға тәуелділікке қарсы тұру және салауатты өмір салтын насихаттау қажеттігін ұғынуға көмектесті.
Топ жетекшісі - Ж.Тоқатова