• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 05.10.2024
  • 19

5 қазан - Ұстаздар күніне орай "ORDA” жоғары колледжінде мерекелік салтанатты кеш өтті. Кешке оқу орнының ардагер ұстаздары арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.

Кеш барысында колледж директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы ұстаздарды мерекемен құттықтап, қызметтегі жетістіктері еленген оқытушыларды алғысхаттармен марапаттады.
Колледж құрылтайшысы ҚР Педагогтар қоғамының шешімімен «Үздік педагог» төсбелгісінің иесі атанған Раев Сапарбайға марапатын табыс етіп, оқытушыларға мерекелік лебізін арнады.
Салтанатты шара соңы көңілді кешке ұласты.
Ұстаз – әрбір жанның жүрегіне білім нұрын себетін тұлға. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында болашақ ұрпақ қалыптасады. Осы атаулы күнде барша ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, сарқылмас қуат тілейміз!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҰСТАЗДАР!💐💐💐