• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.10.2024
  • 67

ҮЗІЛІСТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ: әскери қолданбалы спорт түрлерінен студенттер сайысы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық және адами құндылықтарды қалыптастыру мақсатында АӘжТ пәні мұғалімі Н.Тәжібаев пен Ә.Нұрмағанбетовтің ұйымдастыруымен 20 минуттық үзілісте студенттер арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен спорттық іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шара үзіліс уақытын тиімді пайдаланып, жастарды шапшаңдыққа, төзімділікке және тәртіпке баулуға бағытталды. Студенттер өзара жарысып, күш-жігерін шыңдап қана қоймай, рухани қасиеттерді – бірлік, жауапкершілік пен батылдықты көрсетті. Мұндай белсенді үзілістер олардың денсаулығына пайдалы ғана емес, сонымен қатар жігерлендіріп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырады.
Тәрбие мен спорт – жастарды болашаққа дайындайтын маңызды құрал!