• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.10.2024
  • 34

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ: БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ТӘЖІРИБЕМЕН ҚАМТУ

Колледжіміз жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, дуалды оқыту жүйесінің маңызды мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта 15 топта 248 студент осы бағдарлама аясында білім алуда. Дуалды оқыту – бұл білім беру ұйымындағы теориялық білімді кәсіпорындардағы өндірістік тәжірибемен ұштастыратын тиімді жүйе.
Кездесуде келесі мәселелер қаралды:
1. Тәжірибе өту кестесі
2. Тәжірибе құжаттарын рәсімдеу
3. Өтемақы мәселесі
Бүгінгі таңда “ORDA” жоғары колледжі келесі кәсіпорындармен ынтымақтасуда:
🔺 07161300 “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету”: ТЖО “АВАНГАРД”, ТЖО “АвтоЛидер”, ИП “Есниязов”, ИП “Car Service 11”;
🔺 07130200 “Электрмен қамтамасыз ету”: АҚ “Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы”, ЖШС “Dss Service”;
🔺 01140100 “Бастауыш білім беру педагогикасы”: “ORDA School”;
🔺 06120100 “Есептеу техникасы және ақпараттық желілер”: “META school” бағдарламалау мектебі;
🔺 07130300 “Жылу электр станциялары”: МКК “Қызылордажылуэлектрорталығы”;
🔺 06130100 “Бағдарламалық қамтамасыз ету”: ЖШС “VERTEX”, ЖШС “SMART GENERATION”;
🔺 01120100 “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”: МКК “Ер Тарғын” балабақшасы.
Бұл серіктестік студенттерімізді тәжірибелік біліммен қамтамасыз етіп, оларды кәсіби ортаға дайындайды. Дуалды оқыту жүйесі жастарды еңбек нарығына дайындауда үлкен рөл атқарады.