• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 12.10.2024
  • 29

Жатақхана студенттері бірліктің, ынтымақтың және тазалықтың үлгісін көрсетіп, жатақхананың ішкі бөлмелерін тазартып, ерекше тазалық акциясын ұйымдастырды.

Жатақхана студенттері бірліктің, ынтымақтың және тазалықтың үлгісін көрсетіп, жатақхананың ішкі бөлмелерін тазартып, ерекше тазалық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – жатақхана аумағын таза және жайлы ету, студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту және ұжымдық рухты көтеру болды.
Акция барысында әр студент өз бөлмесін мұқият тазалап қана қоймай, жатақхананың ортақ аймақтарына да ерекше көңіл бөлді. Бөлмелерді тазалау барысында студенттер бір-біріне көмек көрсетіп, бір үйдің балалары секілді ұйымшылдық танытты. Еден жуу, шаң сүрту, жиһаздарды ретке келтіру сияқты жұмыстарды бірлесіп орындады. Тазалық акциясы тек физикалық еңбектің ғана емес, әрбір студенттің ішкі тәртібі мен тәрбие деңгейін көрсететін маңызды шара болды.
Жатақхана ішіндегі дәліздер, ас үй, демалыс бөлмелері де назардан тыс қалмады. Әрбір аймақ мұқият тазаланып, барынша ұқыпты күйге келтірілді. Студенттердің бір-біріне көмектесіп, көңілді жұмыс жасағаны ұйымшылдықтың, достық қарым-қатынастың күшеюіне себеп болды.