
Қала күніне орай ББ-9-13Г оқу тобы “Бақытты мекен - Қызылорда” атты тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің сүйікті қаламыз Қызылорда туралы білімдерін тереңдету, ізгілік қасиеттерін дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және патриоттық сезімді қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында Қызылорда қаласы жайлы бейнебаян көрсетілді. Студенттер өз білімдерімен бөлісіп, қаланың аумағы, халық саны, оқу орындары, тарихи ескерткіштері, демалыс орындары мен қаладағы өзге ұлт өкілдері туралы қызықты мәліметтер ді ортаға салды.
Топ тәлімгері Алибаева А.Е. сөз сөйлеп, тәрбие қала күнінің маңыздылығын атап өтті. Тәрбие сағатының соңында студенттер бірлесіп “Қызылорда” әнін хормен орындап, іс-шараны әсерлі түрде аяқтады.