
3-9-14 оқу тобында «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында құқықтық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға зорлық-зомбылықтың қандай үлкен қауіп-қатер әкелетінін түсіндіру, оның адам жаны мен тәніне тигізетін зардаптарын көрсету. Сонымен қатар, елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы заңдардың бар екенін айтып, жастарды өз айналаларында мейірімді болуға, бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға және адами құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында төмендегі тақырыптар талқыланды:




Түсіндірмеден соң студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың түбегейлі мәселелерін талдады.
Сабақ соңында сауалнама алынып, білім алушылардың зорлық-зомбылыққа деген көзқарастары мен оның алдын алу шаралары туралы пікірлері тыңдалды.
Топ жетекшісі: Кемелбеков Мұрат Есенбаевич