• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 16.10.2024
  • 25

16 қазан күні қазақтың біртуар дарасы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай Шт-9-32, Инф-9-13 топтарында "Сегіз қырлы, бір сырлы Сәкен" атты тәрбие сағаты өтті.

Қазақ халқының көрнекті қайраткері әрі ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның еңбектерінің өміршеңдігін ұғындыруды мақсат еткен тәрбие сағаты барысында студенттер Сейфуллиннің шығармаларынан үзінділер оқып, ақынның өмірі мен еңбектері жайлы өз білімдерімен бөлісті. ШТ-9-12 оқу тобының студенті Нұрсейіт Ақпейіл ақынның өмірі туралы баяндама жасап, тыңдаушыларды Сейфуллиннің қайраткерлігі мен шығармашылық мұрасымен тереңірек таныстырды. Сонымен қатар, ақынның өмір жолын қамтитын видеороликтер көрсетіліп, студенттер өз ой-пікірлерімен алмасты.
Тәрбие сағатының нәтижесінде студенттер Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығымен терең танысып, оның құнды еңбектері арқылы қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін терең түсінді. Сонымен қатар олардың іздену дағдыларын жетілдіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға тәрбиеледі.