• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.10.2024
  • 28

АК-9-54г тобының студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау және әлімжеттік іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл тәрбие сағатына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға учаскелік инспекторы А.Мамбеталиев, колледж психологы Д.Асанова және құқықтану пәнінің оқытушысы М.Кемелбеков қатысты. Шара барысында студенттерге құқық бұзушылық әрекеттердің салдары мен олардан қалай сақтану керектігі жан-жақты түсіндірілді.
Тәрбие сағаты барысында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, ішкі тәртіп ережелері туралы толық ақпарат берілді. Мамандар студенттерге құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, олардың болашақта құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарын айтты.
Топ жетекшісі Садықова Айгерім тәрбие сағатының маңыздылығын атап өтіп, студенттерге ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.