
"ЖАС САРБАЗ" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҮЙІРМЕСІ: Отан қорғаушыларын тәрбиелеу жолында!
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық борыш сезімін оятатын маңызды бастама. Үйірме жетекшілері Н. Тәжібаев пен Ә. Нұрмағанбетовтің жетекшілігімен студенттер Отанға деген адалдықты, патриотизмді қалыптастырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге бағытталған арнайы дайындықтардан өтуде. 

Бұл үйірме сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, жастарды әскери тәртіп пен жауапкершілікке баулып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлестерін қосуға шақырады.
Үйірме жұмысы арқылы жастар әскери іс-шараларға қатысып, өз бойындағы жігер мен батылдықты дамытады, сондай-ақ армия мен жастар арасындағы байланысты күшейтуге ықпал етеді. 


Қазақстанның ертеңгі күні – біздің қолымызда! Отан алдындағы борышты орындауға дайын бол!