• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.10.2024
  • 44

⚜️ МУЗЕЙДЕГІ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ

21 қазан күні ББ-9-14г оқу тобының студенттері қазақ тілі пәні бойынша «Дәстүрлі жыр дарабозы» және «Ел іші – өнер кеніші» тақырыптарына арналған танымдық сабақ аясында облыстық музейге саяхат жасады. Бұл экскурсия дәстүрлі өнеріміз бен мәдениетімізді тереңірек түсініп, рухани мұраларымызды көру және зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.
Музейде қазақ халқының көне музыкалық аспаптары, өнерге байланысты түрлі тарихи жәдігерлер, жыршылар мен күйшілердің өміріне қатысты деректер ұсынылды.
Музей қызметкерлері қазақтың бай рухани қазынасын, ұлттық өнер мен дәстүрдің тарихи тамырларын қызықты етіп баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Экскурсия барысында студенттер өзара пікір алмасып, дәстүрлі өнерге деген көзқарастарын бөлісті. Олардың көпшілігі ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен құрметін арттырғанын атап өтті.
Бұл экскурсия студенттердің бойында патриоттық сезімді, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, мәдениетімізді қадірлеудің маңыздылығын көрсететін маңызды шара болды. Сабақтан алған әсерлері оларға ұлттың рухани құндылықтарына тереңірек үңілуге және білімдерін байытуға мүмкіндік берді.
Пән оқытушысы - А.Сейтжанов