
“Халқының біртуар тумасы” . С.Сейфуллиннің 130 тұғанына жылдығына арналған дөңгелек үстел.
Колледждің “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығында білім алатын студенттер ұстаздары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сара Бахтияровамен бірге Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған “Халқының біртуар тумасы” атты дөңгелек үстелге қатысты. Шара Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада өтті.
Дөңгелек үстел барысында студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармашылығының тереңдігін сезіндірді. Сондай-ақ, “Тар жол, тайғақ кешу” романына талдау жасап, шығарманың тарихи оқиғаларға толы мазмұны мен Сейфуллиннің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы өз ойларын ортаға салды.