• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 22.10.2024
  • 31

Студенттік парламенттің “Қамқорлық” фракциясы атынан баршаңызды алдағы келе жатқан Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке — тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, халқымыздың бірлігі мен берекесін көрсететін қасиетті күн. Еліміздің гүлденуі жолында әрбір азаматтың қосқан үлесі маңызды. Осы күні біз бірлігімізді нығайтып, Отанымыздың жарқын болашағы үшін қызмет етуге дайын болуымыз керек.
“Қамқорлық” фракциясы 1-курс студенттерінің атынан Қазақстан халқына бейбітшілік, тұрақтылық және мол бақыт тілейді! Жастар — еліміздің ертеңі, сондықтан біз өз біліміміз бен күш-жігерімізді туған жеріміздің дамуына арнаймыз.
Республика күні құтты болсын!