
ЖАСАЙ БЕР, ҚЫРАН ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАН!
БҚ-13г тобында “Жасай бер, қыран елім - Қазақстан!” тақырыбында патриоттық тәрбие сағаты өтті. Жастарды Қазақстанның тәуелсіздік тарихымен таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметі мен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруды мақсат еткен сабаққа коллледж оқытушылары қатысты.
Сабақ барысында студенттер елдің маңызды тарихи кезеңдері, ұлттық рәміздер мен дәстүрлер жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, Қазақстанның жетістіктерін талқылап, патриоттық сезімдерін нығайту үшін сұрақ-жауап, ойталқы форматында өткен тапсырмаларға белсенді қатысты.
Топ жетекшісі: Г.Тажикова