
24 қазан – Кітапхана күніне орай, Шт-9-13г оқу тобының студенттері Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға саяхат жасады.
Топ тәлімгері Жақанова Мөлдір Бауыржанқызының жетекшілігімен өткен саяхат сабақта студенттер кітапхана қорының байлығымен және жаңа ақпараттық ресурстармен танысты. Студенттер кітап оқудың маңыздылығын түсініп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.
Кітапхана қызметкерлері кітапхана жұмысы, кітаптарды іздеу мен пайдаланудың жаңа жолдары туралы ақпарат беріп, студенттерге рухани байлықтың қайнар көзіне жақын болуға шақырды.
Бұл саяхат студенттерге кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың білімге деген құштарлығын арттыра түсті.