
18 қазан күні Жастар ресурстық орталығында Дебат клубының салтанатты ашылуы өтті.
Бұл шара жасөспірімдер мен студенттер үшін ашық пікірталас пен ой алмасудың жаңа алаңын құрды. Клубтың мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге және қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік беру.
Орда колледжінің студенттері дебат клубының алғашқы отырысына белсене қатысып, пікір алмасу мен ашық диалогта өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Студенттердің белсенділігі олардың пікірталас мәдениетін дамытуға және өз ойларын еркін жеткізуге деген қызығушылығын айқындады.
Бұл дебат клубы жастардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттырып, қоғамдық мәселелерге деген белсенділіктерін арттыруға тамаша мүмкіндік береді.