
ҚАЗАҚСТАН - ТУҒАН ЕЛІМ, ҰЛЫ ӨЛКЕМ!
25 қазан – Республика күніне орай “ORDA” жоғары колледжінің Студенттік Парламенті мерекелік концерт өткізді. “Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!” деп аталған бұл шара тәуелсіздігіміздің қадірін арттыруға, Қазақстанның болашағы саналатын жастарды рухтандыруға арналған керемет кеш болды.
Мереке аясында колледжіміздің жастары өз өнерлерін ортаға салып, халықтың бірлігін, елдің тәуелсіздігін асқақтатқан туындыларын орындады. Концерттің әрбір нөмірі жүректен жүрекке жетіп, студенттеріміздің елге деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Мерекелік шарада директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Абдибаттаева сөз алып, барша қатысушыларды Республика күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде жастарға ел болашағы үшін білім алу, еңбек ету қажеттілігін атап өтіп, жастардың ел дамуына қосар үлестеріне сенім білдірді.
Шараға қатысушы колледж жастарының белсенділігі мен патриотизмі – еліміздің жарқын болашағына деген сенімімізді нығайтты.
Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз! Республика күні құтты болсын!