• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 28.10.2024
  • 89

ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК СЕМИНАРЫ

Колледжде жас мамандарды кәсіби бағытта қолдау, оларға заманауи білім беру технологияларын үйрету және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған нақты кеңестер ұсыну мақсатында әдістемелік көмек семинары өтті. Семинар аясында тәжірибелі мамандар өз білімдерімен бөлісіп, пайдалы ақпараттарды ұсынды.
Спикерлер төмендегі тақырыптар:
✔️ Токатова Жанат Еркуатовна – Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу;
✔️ Әбділақатова Айнагүл Сейфуллақызы – Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқару;
✔️ Балмахан Асылзат Тимурқызы – Оттекті органикалық қосылыстар;
✔️ Куанышбаева Лилия Джалильевна – Коммутатор және маршрутизатор;
✔️ Кунакбаева Арайлым Сагындыковна – Практиканы ұйымдастыру мен өткізудің қадамдары;
✔️ Елемесова Роза Сериковна – Смарт журнал толтырудың ережесі бойынша әдістемелік ұсынымдар мен кеңестер берді.
Семинар барысында жас мамандар тәжірибелі әріптестерінен құнды білім мен бағыт-бағдар алып, өз салаларында табысты болуға қажетті әдістемелік дағдыларды меңгерді. Іс-шараның соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, талқылау арқылы өзара тәжірибе алмасты.
Ұйымдастырушы - Оқу әдістемелік кабинет, Г.Тажикова, А.Бекенова