• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 30.10.2024
  • 38

2024 жылдың 30 қазанында “Orda” жоғары колледжінде “Волонтерлік қызметті дамыту” тақырыбында оқыту тренингі өтті.

Тренингке колледждің белсенді ерікті жастары қатысты.
Студенттер волонтерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ бұл қызметтің түрлі бағыттарымен танысты және волонтер болудың маңызын тереңірек ұғынды.
Волонтерлік қызметтің адамның жеке тұлғалық қалыптасуына, жауапкершілік пен жанашырлықты дамытуға қалай әсер ететіндігі туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Осындай игі дәстүрлерді жалғастыра отырып, еліміздің болашағына деген жауапкершілікті сезіну — әрбір жас буынның басты міндеті. Еріктілік қызметін таңдайтын жастардың қатары артып, қоғамда жомарттық пен ізгіліктің жарқын үлгілері көбейе түсетініне сенім мол.