
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Қызылорда қаласындағы «Орда» педагогикалық колледжінің студенттері үшін Абайтану мәселелері бойынша дәріс оқыды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері профессор Дандай Ысқақұлы, профессор Төрегелді Рахманбердіұлы, доцент Ләйлә Мұсалы Қызылорда қаласындағы «Орда» педагогикалық колледжінің студенттері үшін Абайтану мәселелері бойынша дәріс оқыды.
Танымдық дәрістердің тақырыптары төмендегідей болды:
1. «Абай Құнанбайұлы және рухани тәрбие мәселелері» - Абай ҒЗИ-дың профессоры Д. Ысқақұлы;
2. «Абай мұрасының халықаралық деңгейде насихатталуы» - Абай ҒЗИ-дың профессоры Т. Тұяқбай;
3. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институтының қазіргі абайтану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары»; «Абайдың Кісілік Кодексі және заманауи маңызы» - Абай ҒЗИ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л. Мұсалы.
«Орда» колледжінде оқитын болашақ мұғалімдер, сондай-ақ болашақ ақпараттық технологиялар мамандары үшін дәрістер пайдалы болды.
Болашақта Абай ҒЗИ республика көлеміндегі жоғары және орта білім мекемелерімен бірлесіп Абай ілімін насихаттау жұмыстарын жүргізетін болады.