
🌆 ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ: WEB-9-13Г ОҚУ ТОБЫНЫҢ ҮЛЕСІ
WEB-9-13г оқу тобы қала тазалығына өз еркімен үлес қосу мақсатында сенбілікке шықты. Студенттер қала көшелерін қоқыстан тазартып, табиғатты қорғауға белсенді түрде атсалысты. Қала тазалығы – барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз және бұл сенбілік соның жарқын көрінісі болды.
Ерікті студенттердің игі ісі тазалықты сақтау ғана емес, сондай-ақ табиғатқа деген қамқорлықты арттырып, таза қалаға ұмтылуымызды көрсетеді.
Өз еңбектерімен үлгі көрсеткен WEB-9-13г тобына алғыс білдіреміз!