
✨ “СЫР МЕН СЫМБАТ” қыздар клубының кезекті кездесуі ✨
1 қараша күні “Сыр мен сымбат” сырласу қыздар клубының кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында ұйым жетекшісі жылдық жоспармен таныстырып, алдағы уақытқа қойылған мақсаттар және жобалармен бөлісті. Клубқа жаңадан қосылған қыздар өз ойларымен ортаға салып, алдағы уақытта қандай жұмыстар жасауға болатыны жайлы пікір алмасты.
Бұл басқосу қыздардың бір-бірін қолдап, жаңа идеялармен алмасатын орта қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі болды. Алдағы жобаларына сәттілік тілейміз!