
ҚОСТАНАЙДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Қостанай қаласындағы «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК базасында педагогтар арасында «Жеңіл автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Республикалық шеберлік байқауы өтуде.
Байқау World Skills Kazakhstan-2024 стандарттарына сай ұйымдастырылып, техникалық қызмет көрсету саласында тәжірибесі мол мамандардың біліктілігін сынауға бағытталған. Қызылорда облысының атынан байқауға «ORDA» жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Раев Сапарбай Мубаракулы қатысуда, оның жетекшісі, әрі сарапшысы — Тәуекел Бауыржан Алматұлы.
Республиканың түкпір-түкпірінен келген 15 қатысушы өз шеберліктерін көрсетіп, техникалық құзыреттерін шыңдауға кірісті. Әрбір қатысушыға сәттілік тілейміз!💥
Байқау 2-8 қараша аралығында жалғасады!