• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.11.2024
  • 26

«Тарихы терең Түркістан» көрмесіне саяхат

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдық мерейтойына орай С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының ұйымдастыруымен «Тарихы терең Түркістан» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмені «Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер» бөліміне қарасты «Атамекен» тарих үйірмесі және «Туризм» үйірмесінің мүшелері тамашалап қайтты.
Түркістан тарихиның маңызын көрсету, мәдени-рухани құндылықтарды насихаттау, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және мәдени байланысты кеңейтуге бағытталған көшпелі көрме танымдық ақпараттарға толы болды.
Экскурсия жасаушылар көрменің басты жәдігерлері:
✔️ Түркістан облысының археологиялық және этнографиялық мұрасы;
✔️ Қазақтың зергерлік бұйымдары мен ер қаруы – бес қару;
✔️ Сәулет ескерткіштері мен ағаш ою өнері;
✔️ Қазақтың гобелен өнері және ең ерекше жәдігер – Кенесары хан Қасымұлының түпнұсқа қылышымен танысты.
Үйірме мүшелері көрмеге ерекше қызығушылық танытып, рухани әсер алып қайтты.
Ұйымдастырушылар: Үйірме жетекшілері Жусупова Бота Маликовна және Косбармакова Гульбану Советовна.