
КОЛЛЕДЖ ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!
“Жастар рухы” жастар қанаты ұйымының жанынан құрылған колледж белсенділері есірткіге қарсы ерікті жұмыс жүргізді. Олар жастар мен қоғам арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, есірткі таралуы мүмкін орындарға барып, үндеу жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, халықты салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден алыс болуға шақырды.
Бұл бастама жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі салауатты ортаны қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.