
БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫН ЖАСАУДА
2024 жылдың 28 қазанынан 2025 жылдың 18 қаңтарына дейін ББ-9-13Г тобының 2-курс студенттері «Orda School» білім беру мекемесінде педагогикалық тәжірибеден өтуде. Практика барысында олар 3 “Б” сыныбында “Оян, ар мен адалдық” атты тәрбие сағатын ұйымдастырып, оқушыларға ар мен адалдықтың маңызын түсіндірді. Студенттер балалардың бойына адалдық пен ар-намыс ұғымдарын сіңіруге тырысты.
Тәжірибеден өтіп жатқан студенттер өздерінің алғашқы педагогикалық қадамдарын жасап, оқыту әдістерін меңгеруде қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік алуда.