
ЖАС ІТ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ СТАРТАП МҮМКІНДІКТЕРІ
2024 жылғы 6 қарашада “Orda” жоғары колледжінде IT мамандықтарының студенттері Қорқыт Ата атындағы университетінің мамандарымен кездесті. Кездесуде мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, командалық жұмыстың маңызды рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, шараға Қызылорданың алғашқы бизнес-инкубаторы — “Kyzylorda Hub” өкілдері қатысты. Олар стартап жобалар мен инновациялық технологияларды дамыту орталығы ретінде Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы жастарға өз жобаларын жүзеге асыруда қандай қызмет атқаратынын және қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіріп, meetUp ұйымдастырды.
Сонымен бірге, Enactus Kazakhstan қорының Қызылорда өңіріндегі координаторы Enactus бағдарламасының жастарға ұсынатын мүмкіндіктерін таныстырды.