
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қостанай қаласы «Қостанай автомобиль көлігі» колледжі базасында «Жеңіл автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Педагогтар арасында өткен Республикалық шеберлік байқауы аяқталды. Байқау 2024 жылдың 2-8 қараша аралығында «World Skills Kazakhstan-2024» стандартына сәйкес өткізілді және 7 модульді қамтыды.
Қорытынды нәтижеге сәйкес, Қызылорда облысының атынан қатысқан «ORDA» жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Раев Сапарбай Мубаракұлы "ҮЗДІК МАМАН" медальонының жеңімпазы атанып, диплом және сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі әрі сарапшы Тәуекел Бауыржан Алматұлына байқауда сарапшылық қызметі үшін сертификат таьыс етілді.
Байқауда еліміздің әр өңірінен келген 15 қатысушы өз шеберліктерін сынады.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!