• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.11.2024
  • 37

Ә.НҰРПЕЙІСОВТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ БАЙҚАУ

2024 жылы Қазақстанның халық жазушысы, публицист, аудармашы және қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толды. Қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ұлы қаламгердің мерейтойына орай, «Қазақстан Халықтық партиясы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен “ORDA” жоғары колледжінде «Теңдесі жоқ кемеңгер жазушы» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.
Үш кезеңнен тұратын бұл сайысқа үш оқу орнынан командалар қатысты. Нәтижесінде:
1️⃣-орынды “ORDA” жоғары колледжі иеленді;
2️⃣-орын Абылай хан атындағы жоғары колледжіне берілді;
3️⃣-орын “Болашақ” жоғары колледжіне тиесілі болды.
Байқау қатысушылары дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.