• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 11.11.2024
  • 18

ББ-9-13Г оқу тобының студенттері Тоғызбай Аяулым мен Абубакир Айзере тәрбие сағатын өткізді.

Кәсіби салада тәжірибе жинақтау – болашақ маманның дамуы мен кәсіби дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беретін маңызды кезең. Тәжірибе арқылы студенттер оқу орнында алған теориялық білімдерін нақты жұмыс жағдайларында қолданып, болашақ мамандығының талаптарына бейімделе бастайды. Сонымен қатар, тәжірибе – жеке қасиеттерді дамыту, жауапкершілік алу, шешім қабылдау және жаңа дағдыларды меңгеру мүмкіндігі.
ББ-9-13Г оқу тобының студенттері Тоғызбай Аяулым мен Абубакир Айзере “ORDA School” білім беру мекемесінде педагогикалық тәжірибеден өту барысында 4 “Е” сыныбына “Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Аяулым мен Айзере сабақ барысында оқушыларға қызықты әңгімелер мен интерактивті тапсырмалар арқылы үлкенді құрметтеу мен кішіге ізет көрсету маңыздылығын түсіндірді. Мұндай тәжірибе студенттерге өздерінің болашақ педагог ретіндегі қабілеттерін шыңдауға және оқушылармен қарым-қатынас жасаудың тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Осындай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың бойында адами құндылықтарды қалыптастырып, қоғамға пайдалы тұлға болуға ықпал етеді.