
ҰЛТТЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!
“Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер” бөлімінің “Туризм” мамандығының студенттері туған өлкеміздің тарихи және мәдени байлығын насихаттауға белсене атсалысуда. Олар аймағымыздың көрікті орындарын таныту мақсатында бейнешолу жұмыстарын қолға алды.
Т-9-12г тобының студенттері – Бақытбекұлы Айбек, Жарқынбек Нұрбек, Әбілхан Абылайхан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы, және Қызылорда қаласының тарихы музейіне экскурсия ұйымдастырды.
Олар болашақ “Туризм менеджерлері” және “Саяхат жүргізушілері” ретінде өлкеміздің мәдени мұрасын насихаттап, ішкі туризмді дамыту жолында білімдерін тәжірибемен ұштастыруда. Баршаңызды қазақ туризмін қолдауға, тарихи орындарымызбен жақынырақ танысуға шақырамыз!