
ҰЛТТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ - ТЕҢГЕ 💸
Студенттердің бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, теңгенің ұлт өміріндегі мәнін түсіндіру мақсатында ИНФ-9-14Г оқу тобында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. “Ұлттың құндылығы – теңге” деп аталған бұл іс-шарада теңгенің Қазақстан үшін маңыздылығы, оның тарихи тамыры мен қазіргі қоғамдағы орнын кеңінен қарастырды. 💬✨
Іс-шара барысында студенттер теңгенің шығу тарихына көз жүгіртіп, оның қазақ ұлтының экономикалық және мәдени тұрғыдан нығаюындағы рөлі туралы тың мәліметтермен танысты.
Тәрбие сағаты тек теориялық мәлімет берумен шектелмей, студенттердің ұлттық құндылыққа деген түсінігін арттыру мақсатында ашық пікірталас түрінде жалғасты. Студенттер теңгенің символдық және экономикалық маңызын талқылап, ұлттық валютаның құндылығын ерекше сезінуге мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар білім алушылардың патриоттық сезімін күшейтіп қана қоймай, ұлтымыздың басты құндылықтарын құрметтеуге бағытталған маңызды қадам екенін көрсетті.