
💡 «ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» интеллектуалдық сайысы.
Студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты интеллектуалдық сайыс жоғары деңгейде өтті. Оған ҚТ-9-14г, ББ-9-14г және ИНФ-9-14г топтары қатысты.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
✔️ «Зерек ой, жылдам жауап»
✔️ «Мақал – сөз мәйегі»
✔️ «Болашақ кәсіпкер бейнесі»
Алғашқы кезеңде қатысушылар тақтада қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріп, өз білімдерін сынады. Екінші кезеңде ұлттық құндылықтар мен қаржылық сауаттылықты ұштастырып, ақшаға байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Соңғы кезеңде топтар «Болашақ кәсіпкер бейнесін» қағаз бетіне түсіріп, өз идеяларын қорғады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын: Теңге тобы (ҚТ-9-14г)
🥈 2-орын: Евро тобы (ББ-9-14г)
🥉 3-орын: Доллар тобы (ИНФ-9-14г)
Сайыс барысында студенттер ерекше белсенділік танытып, терең білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл шара ұлттық валютамыздың маңызын тереңірек түсінуге және жастардың бойында қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Ұйымдастырушылар:
Тоқатова Ж. Е., Телбаева И. Д., Сәндібекова Ж. Қ.