• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 19.11.2024
  • 24

🚫 ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ: САЛАУАТТЫ ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ!

Ақ-9-34г оқу тобында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында маңызды тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттерге есірткі заттарының адамзат өміріне тигізер зияны, оның денсаулыққа, қоғамға және болашаққа келтіретін орасан зор зардаптары туралы түсінік беру.
Сабақ барысында студенттерге есірткі саудасын ұйымдастырушы, тасымалдаушы және тұтынушы рөлдері туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, олардың заң алдында қалай жауап беретіні егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткі қолданудың физикалық, психологиялық және әлеуметтік салдары жөнінде нақты мысалдар келтірілді.
Студенттер өз ойларымен еркін бөлісіп, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Олар есірткінің қауіптілігіне қатысты көзқарастарын білдіріп, оны алдын алу жолдары туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Мұндай тәрбие сағаттары жастардың есірткіге қарсы күрес туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға және өз ортасында жауапкершілік танытуға шақырады. «Есірткіге жол жоқ!» – барша қоғам үшін ортақ үндеу!
Топ жетекшісі: Г.Фазылова