• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 16.11.2024
  • 22

БІЛІМ МЕН ЖАСТЫҚТЫҢ ҮНДЕСТІГІ: СТУДЕНТТЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

17 қараша - Студенттер күніне орай  колледжде 1-курс білім алушыларына арналған «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты мерекелік шара өтті. Шара студенттік шақтың жарқын естеліктерін дәріптеп, белсенді жастарды қолдау мен олардың жетістіктерін атап өтуге арналды.
Мерекелік кеште колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Абдибаттаева Гүлнар Мауленқызы мен Сейтжанов Алайдар Сануарұлы студенттерді мерекелерімен құттықтап, олардың білімге құштарлығына, белсенділігіне жоғары баға берді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласының төл мерекесіне белсене атсалысқан 50 студент Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Д. Есалыұлының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Жыл бойы оқу ордасының қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерімен көзге түскен студенттер «Аманат» Жастар рухы жастар қанатының басшысы Ә. Баймұрза, «Облыстық Жастар ресурстық орталығының» басшысы А. Басаров және колледж директоры Г. С. Досжановадан арнайы марапаттарға ие болды.
Шара көңілді әндермен, әсерлі билермен және түрлі қызықты ойындармен жалғасын тауып, студенттерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл күн студенттік өмірдің ұмытылмас сәттерімен тағы бір естелік болып қала бермек.
Студенттік өмір – жастықтың қуаты мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы!