
«Жөндеу жұмыстарынан кейін робототехникалық жүйелер мен кешендердің компоненттеріне бақылау»
14 қараша РОБ-9-13Г тобында «Жөндеу жұмыстарынан кейін робототехникалық жүйелер мен кешендердің компоненттеріне бақылау» пәнінен педагог Бухарбаева Айсулудың ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – роботтардың қозғалыс принциптері мен күрделі кедергілерден өту механизмін зерттеу болды. Студенттерге тактикалық ойлау мен креативті қабілеттерін дамыту үшін сумо жарысының талаптарына сай робот құрастыру тапсырылды.
Сабақ барысында студенттер үш топқа бөлініп, өз жобаларын қорғады. “Robotics” тобы «Ветроэлектростанция» жобасын,Megatron” тобы «Сегізаяқ» жобасын, ал “Dynamics” тобы «Робот-уборщик» жобасын ұсынды. Белсенділік арттыру мақсатында “Викторина” әдісі қолданылып, қызықты сұрақтар қойылды. Қорытынды кезеңде студенттер гугл форма арқылы тест тапсырды.
Сабақ нәтижесінде студенттер роботтардың қозғалыс және кедергілерден өту механизмдерін, сумо жарысының ережелерін меңгеріп, шығармашылық және командалық жұмыс қабілеттерін шыңдады. Бұл сабақ болашақ робототехник мамандарының кәсіби дамуына үлкен үлес қосты.